Жаңалықтар

Астанада «Жұлдызды гид» шоу-жобасы өтті

Астанада «Жұлдызды гид» шоу-жобасы өтті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 30.04.2024 16:09 766

Елордада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейінің 10 жылдығы аясында «Жұлдызды гид» шоу-жобасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жобаға Астана қаласының құрметті азаматы, ҚР  еңбек сіңірген қайраткері, композитор Төлеген Мұхамеджанов пен Қазақстанның және Татарстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева қатысып, алдымен музей қонақтарына «Астана» залы бойынша экскурсия жүргізді.

Астанада «Жұлдызды гид» шоу-жобасы өтті

Сурет: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 

Нұржамал Үсенбаева бүгінгі өтіп жатқан жобаға қатысуға қуана-қуана келісім бергенін айтады.

Астанада «Жұлдызды гид» шоу-жобасы өтті

Сурет: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Бұл жобаның мақсаты – барлық адамдарға мәдени, тарихи экспонаттарды, экспозицияларды көрсету, таныстыру әрі насихаттау болып отыр деп ойлаймын. Бүгінгі іс-шарада біз экскурсия жүргізумен шектелмей, кішігірім концерт ұйымдастырып, өнер көрсетеміз. Мен Төлегеннің әнін, өзімнің сүйікті әнім «Гәккуді» шырқаймын, – деді ол.

Астанада «Жұлдызды гид» шоу-жобасы өтті

Астанада «Жұлдызды гид» шоу-жобасы өтті

Суреттер: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Опера әншісі экскурсия барысында «Қыз Жібек» операсында Қыз Жібектің рөлін сомдағанда киген сахналық киімін көрсетті.

Ал Төлеген Мұхамеджанов музей қорына құнды заттарын тапсырып жатқандығын айтты. 

Біз де мұражайға жиып-тергенімізді беріп жатырмыз. Өйткені олардың үйімізде жатқаннан гөрі мұражайда сақталғанын қалаймыз. Бала кезімізнен қалған, әкем берген темір жәшік болатын. Оның ішіндегі маңызды қағаздардың көбін жоғалтып алдық. Жоғалған заттың құндылығы болмай қалады ғой. Сондықтан 50-100 жыл өткен соң «Төлеген мен Нұржамал кім болды?» дегенде бізді заттарымыз арқылы танитын болады, – деді композитор.

Астанада «Жұлдызды гид» шоу-жобасы өтті

Астанада «Жұлдызды гид» шоу-жобасы өтті

Суреттер: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Сондай-ақ музей атриумында жұлдыздармен жүздесу, сыйлықтарды, алғыс хаттарды табыстау рәсімі, шығармашылық кеш ұйымдастырылды.

Астанада «Жұлдызды гид» шоу-жобасы өтті

Астанада «Жұлдызды гид» шоу-жобасы өтті

Суреттер: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде бұл жоба 2015 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – Ұлттық музейдің қоғамдағы имиджін арттыра отырып, экскурсия жүргізуші қызметінің ерекшеліктерін түсіндіру, кең аудиторияға музей экспозициясындағы жәдігерлерді, тарихи-мәдени мұраны таныстыру және насихаттау.

Бұған дейін аталған жобаға қоғам және өнер қайраткерлері, ақын-жазушылар, эстрада жұлдыздары, дәстүрлі әншілер, кино және театр актерлары, белгілі тарихшылар, блогерлер, тілшілер қатысып, музей залдары бойынша келушілерге халқымыздың көне тарихы мен бай мұрасы туралы мәлімет берген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға