Жаңалықтар

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көшелер жабылады

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көшелер жабылады
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 08.07.2023 17:24 1317

Астанада екі көшенің учаскелері жөндеу жұмысына байланысты жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, М.Ғабдуллин және Ш.Иманбаева көшелерінде орташа жөндеу жұмысын бастайды. 

Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 10-11 шілде күндері М.Ғабдуллин көшесінің А.Иманов көшесінен Речный тұйығына дейінгі учаскесінде көлік қозғалыс толығымен жабылмақ. Сондай-ақ, 9-10 шілде аралығында Ш.Иманбаева көшесі бойында Кенесары көшесінен Иманов көшесіне дейінгі қозғалыс тоқтайды деп күтіліп отыр.

Елорда әкімдігі тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажеттігін ескертеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға