Жаңалықтар

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше жабылды

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше жабылды
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 26.08.2023 10:20 958

Астана қаласының ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірден бірнеше көшеде жөндеу жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты жөнделетін учаскелерде қозғалыс уақытша жабылды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Мәселен, жол төсемін жөндеу Тұран даңғылы мен Достық көшесінің қиылысында жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты 26-27 тамыз аралығында осы учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылмақ. 

26-31 тамыз аралығында Тәшенев көшесінен Иманов көшесіне дейінгі учаскеде Республика даңғылында көлік қозғалысы ішінара тоқтайды. Мұнда да жөндеу жүргізілуде. 

Бұдан басқа, орташа жөндеу 26-31 тамыз күндері Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралықтағы Түркістан көшесі жабылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға