Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты Әлімбаев көшесі толығымен жабылады
13.07.2024 11:38
Фото:
Астана қаласы әкімдігі
Жол төсеміне орташа жөндеу жүргізуге байланысты 13-14 шілде күндері Астанадағы Амман көшесінен бастап, А.Тоқпанов көшесіне дейінгі учаскедегі М.Әлімбаев көшесі толығымен жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

