Астанада жолаушы такси жүргізушісінің iPhone-нын ұрлап кетті
Полицияға жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, автокөлік салонынан құны шамамен 300 мың теңге тұратын iPhone 15 маркалы ұялы телефоны ұрланған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықталды. 42 жастағы ер адам такси қызметін пайдаланып, қажетті мекенжайға жеткен соң көліктен шығарда жүргізушіге тиесілі смартфонды ұрлап кеткен.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдікті өз кінәсін мойындады. Ол телефонның ашық жерде жатқанын пайдаланып, алып кеткенін айтқан. Қазіргі таңда оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сонымен қатар, оның бұған дейін қаланың басқа аумақтарында жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.

