Жаңалықтар

Астанада жолаушы көліктен 9 млн теңгесі бар сөмкені ұрлаған

Астанада жолаушы көліктен 9 млн теңгесі бар сөмкені ұрлаған
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 23.11.2023 19:05 800

Астана полицейлері көліктен 9 млн теңгесі бар сөмкені ұрлаған жолаушыны ұстады. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нұра ауданының полиция басқармасына жеке такси жүргізушісі жүгініп, 9 млн теңге сомасында ақшалай қаражаты бар сөмкенің жоғалғаны туралы хабарлаған.

Ер адамның айтуынша, ол адамдарды тасу арқылы қосымша ақша табу үшін досының Toyota Camry автокөлігін алып отырған. Әдеттегідей көлікті алып, жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын күні күні ол досы ұмытып кеткен, ішінде ақшасы бар рюкзактың салонда жатқанын білмеген, - делінген мәліметте.

Бір түнде такси салонына 17 адамның отырғаны анықталды. Қиын әрі мұқият жұмыс барысында полицейлер жолаушыларды жеткізген барлық мекенжайларды анықтады. Бейнекамераларды қарау барысында қолында жоғалған сөмкені ұстаған ер адам байқалды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері 30 жастағы жолаушыны анықтады, ол түнде такси салонында жолаушылар орындығынан рюкзакты көріп қалған. Керек мекенжайға жеткенде, күдікті өзімен бірге бөтеннің мүлкін алып кеткен.

Қазіргі уақытта жолаушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға