Астанада жолаушы автобус контролеріне қол көтерді
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
04.04.2024 22:01
787
Астанада қоғамдық көліктердің бірінде жолаушы контролерді ұрды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
CTS компаниясы оқиғаның видеосын жариялап, тұрғындардан көлік қызметкерлерінің жұмысына құрметпен қарауға шақырды.
CTS Көлік бақылау департаменті және Тасымалдаушылардың бақылау-желілік қызметі қызметкерлерінің еңбегіне құрмет көрсетуді және олардың өз лауазымдық міндеттерін атқаруына кедергі келтірмеуді сұраймыз, - делінген мәліметте.
Компания мәліметінше, жыл басынан бері қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден жалтарудың 124 056 фактісі анықталды, оның ішінде Астана қаласы ПД қызметкерлері 5 614 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, жалпы сомасы 41 453 776 теңгеге айыппұл салынды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мәулен Әшімбаев Рим Папасымен кездесті
Келесі жаңалық
«МҰЗ-2024»: Шымкентте 15 қауіпсіздік белгісі орнатылды