Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше автобус бағытын өзгертті
Мөлдір Қайнар тілші
Астанада жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда, сол себепті он бес автобус қозғалыс кестесін уақытша өзгертті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
CTS компаниясының Instagram-дағы парақшасында хабарланғандай, жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №10, 37, 49, 51, 53, 60, 201, 302, 303, 308, 309 маршруттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді.
Кейінірек, компания № 32, 37, 45, 52 маршруттары да қозғалыс тәртібін өзгерткенін хабарлады. Астаналықтарға өз бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.

