22 қараша күні Полиция департаментіне 10 жастағы қыздың жоғалғаны туралы хабар түсті. Ол туған күнді атап өткеннен кейін топтан бөлініп, белгісіз бағытқа кеткен. Қызды іздеуге мыңнан астам астаналық қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іздеу жұмыстары ауқымды түрде ұйымдастырылды. Оған еріктілер, қала тұрғындары, Ұлттық ұлан қызметкерлері және полиция гарнизонының жеке құрамы қосылды. Суық ауа райын ескере отырып, баланың жүруі мүмкін аумақтарды жедел тексеру үшін қосымша күш пен ресурстар жұмылдырылды.
Қыз қоғамдық көліктің бақылаушысы хабарлағанның арқасында табылды. Бала аман-есен ата-анасына қайтарылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

