Астанада ЖКО-дан зардап шеккен қыз балаға төрт бөлмелі пәтер беріледі
09.06.2025 20:47
Фото:
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Астанада жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен қыз балаға қолдау көрсету жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Астана қаласының әкімдігі жеке демеушімен бірлесіп, отбасыға жаңа тұрғын үй кешенінен төрт бөлмелі пәтердің сертификатын табыстаған.
Аталған тұрғын үй кешенін биыл қазан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, құрылыс компаниясы пәтерді жөндеу және қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстарын да өз мойнына алады.
Бұған дейін де зардап шеккен отбасыға түрлі әлеуметтік және медициналық қолдау шаралары көрсетілген болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

