El.kz

Астанада жеті автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

02.09.2024 15:52

Астанада жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін жеті автобустың қозғалыс бағыты өзгерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №19, 28, 52, 54, 55 А, 55Б, 66 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Өзгеріс жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін сақталады.