Жаңалықтар

Астанада Жеңіс мерекесіне орай жеңіл атлетикалық эстафета өтті

Астанада Жеңіс мерекесіне орай жеңіл атлетикалық эстафета өтті
Фото: Астана қаласы әкімдігі 10.05.2023 00:14 1055

Елордадағы Триатлон саябағында Жеңістің 78 жылдығына арналған жеңіл атлетикадан эстафета өтті. Оған 700-ге жуық жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен орта және жоғарғы студенттер қатысты.

Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мерекелік шараның ашылу салтанатына Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, қалалық спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы Бахтияр Масанов қатысты.

Шара барысында жастарға ең алдымен бойларын сергіту үшін жаттығу жасалды. Әрмен қарай, жарыстың бас төрешісі, халықаралық дәрежедегі төреші Даулет Хамзин жарыстың өту тәртібімен таныстырды.

Эстафета қатысушылары 10 кезеңнен тұратын 2200 м қашықтықты Триатлон саябағының ішінде еңсерді. Жарыс төрешінің берген белгісі бойынша басталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұқаралық іс-шара дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі және қатысушылар саны жыл сайын артып келеді.

Жеңістің 78 жылдығына орай, қаламызда жеңіл атлетикадан дәстүрлі эстафета жарысы өтіп жатыр. Оған қаламыздағы барлық мектеп, колледж және жоғары оқу орындарынан мыңға жуық спортшы қатысты. Әр оқу орны 6 ер, 4 қыз баладан команда жасақтаған. Олар эстафеталық таяқша арқылы 2200 метр қашықтыққа жүгіретін болады. Мақсат – жастарды спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттау. Соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету, қаламызда жеңіл атлетиканың дамуына ықпал етіп, үздік командаларды анықтау, - дейді қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.

Эстафетаның қорытындысы бойынша жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында № 22 мектеп-гимназиясы топ жарды. Ал, екінші орын №32 мектеп-гимназиясының еншісінде, үздік үштік қатарынан №27 мектеп-лицейі көрінді.

Орта оқу орындары арасында бірінші болып мәреге жеткен Астана халықаралық университеті Педагогикалық колледжінің студенттері. Ал Жоғары көлік және коммуникация колледжі екінші орынға тұрақтаса, Astana IT University студенттері жеңіске жетті.

Жоғары оқу орындары арасында Астана халықаралық университетінің (AIU) студенттері жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл сында екінші орын Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне (ҚазАТЗУ) бұйырса, Астана медицина университетінің студенттері үшінші орынды місе тұтты.

Жарыста жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар медальдармен, командалық кубоктармен және дипломдармен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға