Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады
08.05.2025 18:06
Фото:
Астана қалалық әкімдігі
Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 9 мамыр күні демеушілік қаражат есебінен мерекелік отшашу болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, 9 мамыр күні сағат 22:00-де отшашу екі жерде өтеді: Ботаникалық бақ және Атырау көпіріне іргелес аумақ. Әр жерде 4 мыңға жуық оқ атылады.
Еске салайық, Астанада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күнін мерекелеуге арналған 100-ден астам түрлі іс-шара жоспарланған. Олардың арасында концерттер, ғылыми конференциялар, мектептерде тәрбие сағаттары, спектакльдер, т.б. бар.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

