Астанада Жеңіс күнінде мерекелік отшашу болады
02.05.2025 19:00
Фото:
instagram.com/akimat__astana
Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 9 мамырда демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылатын мерекелік отшашу өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отшашу 9 мамыр күні сағат 22.00-де екі жерден ұйымдастырылады. Олар: Ботаникалық бақ және «Атырау» көпіріне іргелес аумақ. Әр жерде отшашу 4 мыңға жуық рет атылады.
Қала әкімдігі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған 100-ден астам түрлі іс-шара жоспарланып отырғанын атап өтті. Оның ішінде концерттер, ғылыми конференциялар, мектептерде тәрбие сағаттары, спектакльдер және тағы да басқа іс-шаралар өтеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

