Астанада жеңіл көлік автобуспен соқтығысты
04.06.2023 20:41
Фото:
instagram.com/astana.dorogi
Астанада жеңіл көлік пен автобустың қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жол-көлік апаты 4 маусым күні сағат 15:33-те елордадағы Жұмабаев көшесінде болған.
Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Nissan көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жолаушылар автобусымен соқтығысқан.
Жол-көлік апатынан жеңіл көліктегі жолаушылар зардап шеккен. Үш жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.

