Жаңалықтар

Астанада жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті
Астанада жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Фото: gov.kz 19.10.2022 19:28 1822

10-12 ақпан аралығында Астана қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтеді. Аталған жарыс «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінің ғимаратында өтеді, деп хабарлайды El.kz eлорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық жеңіл атлетика федерациясының төрағасы, Астана әкімі Алтай Көлгінов, Федерацияның бас хатшысы Асхат Сейсембек қатысқан жиында алдағы чемпионатқа дайындық мәселелері мен осы жылдың қорытындысы талқыланды.

Кездесуде Астанада жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін ашу мәселесі қаралды.

Елорда әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалар мен жасөспірімдер мектептерін, федерацияларды қолдауға, бұқаралық спорт түрлерін насихаттауға ерекше назар аударады.

«Кувейтте жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы төртінші Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бесінші орынды иеленіп, үздік нәтиже көрсетті. Астаналық спортшы Анастасия Колода 400 метрге кедергілермен жүгіруде күміс медаль жеңіп алды», делінген хабарламада.

Осы жылдың желтоқсан айында жеңіл атлетикадан Амин Тұяқовтың жүлделеріне арналған халықаралық турнир өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға