Елордалық құтқарушылар жатақханадағы өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін таңда Байқоңыр ауданында орналасқан жатақханалардың бірінде бөлмелер мен ғимараттың шатыры жанды.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел келген кезде шатыр мен 3 және 4-қабаттағы бөлмелер жанып жатты. ТЖМ күштері үш иінді баспалдақтың көмегімен 3-қабаттан 6 адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша жану өнімдерімен уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Өртті сөндіру жұмыстарын ғимараттың жан жағындағы өтетін жолдарда автокөліктердің тұруы қиындатты. Өрт 850 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін Бердібек Соқпақпаевтың туғанына 100 жыл