Астанада Жастар күніне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді
Мөлдір Қайнар тілші
12.08.2024 09:22
Фото:
©El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА
Елордада Жастар күніне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ және «Сарыарқа» ауданының аппаратымен бірлесіп жұмыс іздеп жүрген тұлғаларға бос орындар жәрмеңкесін өткізеді.
Өтетін орны: «Арбат» жаяу жүргеншілер көшесі. Ал өтетін уақыты бүгін, 12 тамыз 15:00-ден 17:00-ге дейін жалғасады.

