Жаңалықтар

Астанада жас жігіт дүкеннен 17 жұп аяқ киімді оп-оңай ұрлап кеткен

Астанада жас жігіт дүкеннен 17 жұп аяқ киімді оп-оңай ұрлап кеткен
Фото: Видеодан кадр 02.06.2024 07:37 3787

Астанада сауда орталығының өкілі полицияға хабарласып, дүкеннен 17 жұп аяқ киім ұрланғанын айтқан. Іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде 30 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Тергеу барысында жас жігіт сауда орнына клиент ретінде келіп, сатушының байқамай тұрғанын сезіп арам пиғылын жүзеге асырған. Яғни, ол сөреде тұрған бірнеше жұп аяқ киімді қораптан алып, сөмкесіне салған. Кейін байқатпастан ізін суытқан. Бір күннен кейін күдікті қылмысын тура осы әдіспен қайта жасаған. Оның ұрлық әрекетін бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 290 мың теңгені құраған. Күдікті ұрланған аяқ киімдерді арзан бағаға сатып жүрген..

Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Оның қала аумағында жасалынған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға