Астанада жас жігіт 40-тан астам студенттің ноутбуктарын алып, сатып жіберген
04.05.2024 07:25
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Астанада 21 жастағы жігіт жоғары оқу орындарының бірінде оқитын 40-тан астам студенттің ноутбуктарын алдап алып, сатып жіберген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, күдікті уақытша пайдаланамын деген желеумен достарынан ноутбук алуды әдетке айналдырған. Алайда жас жігіт кейінірек барлық ноутбукты ломбардқ өткізіп, түскен ақшасын интернеттегі ойынға бәс тігуге салып, ұтылып қалған.
Полицейлер ломбардтардан ұрланған ноутбуктердің басым бөлігін тәркіледі. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жас жігіт кінәсін мойындап, қамауға алынды. Полицейлер оның қала аумағындағы осындай алаяқтық істерге қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр,-делінген қалалық полиция мәліметінде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

