Жаңалықтар

Астанада жас жауынгерлер әскери ант қабылдады

Астанада жас жауынгерлер әскери ант қабылдады
Фото: instagram.com/ulttyqulan 30.06.2024 17:39 311

Астанадағы әскери қалашықта жас жауынгерлер Отанға адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық ұлан мәліметінше, еліміздің түкпір-түкпірінен келген тепсе темір үзер жігіттер арнайы дайындықтан өткен. Енді олар бас қаламыздың тыныштығы мен көше тәртібін қамтамасыз етуге атсалысады.

Ұлттық ұлан қатарында борышын өтеуге келген жас толықтырылымды құрама командирі генерал-майор Аян Есжанов құттықтап, қызметтеріне бағыт-бағдар берді.

Іс-шара барысында жауынгерлердің туыстарына сарбаздардың оқу пунткінде бір ай бойы үйренген дағдылары көрсетілді. Әскери элита қатарынан көрінетін Құрмет қарауыл ротасының сарбаздары карабинмен дефиле көрсетсе, енді бірі қоян-қолтық ұрыстан үйренгендерін көпшілік қауымның назарына ұсынды.

Бұл күні маңызды сәтте балаларына қолдау білдіру үшін мыңнан аса ата-ана мен туыстары жиналды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға