Астанада жаппай төбелес тоқтатылды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
18.02.2023 15:40
Фото:
polisia.kz
18 ақпан полицияға Қошқарбаев даңғылы бойындағы үйдің жанында жастар арасында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оқиғаға қатысушылардың барлығы Алматы ауданының ПБ-на жеткізілді.
ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.

