Астанада жанып жатқан көлік 11 минут ішінде сөндірілді
28.07.2024 23:14
Фото:
©El.kz/Арман МУХАТОВ
Оқиға бүгін Алматы ауданында болған. ТЖМ күштерімен жеңіл көліктегі өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады. Жол көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

