Астанада Жаңақоныс көшесінде жөндеу жұмысы жүргізіледі
06.05.2025 18:12
Фото:
Астана қалалық әкімдігі
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы А. Кенжин көшесінен Д. Бабатайұлы көшесіне дейінгі учаскеде Жаңақоныс көшесінің жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 8-9 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс толығымен жабылады. Бұл ретте қозғалыс іргелес көшелер арқылы ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

