Жаңалықтар

Астанада Жаңа жылды тойлау үшін қай жерлерге баруға болады

Жоспар бойынша барлығы 3,5 мың отшашу атылады
Астанада Жаңа жылды тойлау үшін қай жерлерге баруға болады
Фото: Астана әкімдігі 31.12.2022 15:19 2103

Еліміздің бас қаласында 2023 жылды қарсы алуға бірқатар мерекелік іс-шара жоспарланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанада қаңтардың 31-інен 1-іне қараған түні екі жерден салют атылады. Керемет шоуды Есіл өзенінің жағалауы мен Ботаникалық бақтан тамашалауға болады. Жоспар бойынша барлығы 3,5 мың отшашу атылады.

Астаналықтар мен қала қонақтары үшін EXPO маңайында ашық аспандағы мұз айдыны да күтіп тұр. Мұз жамылғысының көлемі — 1 300 шаршы метр. Конькиді 1 сағатқа жалға алу — 500 теңге. Өз конькиімен келуге де болады. Келушілерге ыңғайлы болу үшін киім ауыстыратын бөлме, қоғамдық тамақтану орындары және тәулік бойы 3 мың көлікке арналған жерасты паркингі қарастырылған.

Сондай-ақ ол жерде балаларға арналған тегін мұз сырғанағы бар. Оның биіктігі 5 метр, ал ұзындығы 14 метрден асады. 1-15 қаңтар аралығында EXPO кешеніне келушілер паркингті тегін пайдалана алатынын айта кетейік.

Astana Ballet әртістері 3 актіде "Щелкунчик" балетін ұсынады. Спектакль неміс жазушысы Эрнест Гофманның әйгілі ертегісіне негізделген. Балет әлемдік даңққа ие болып, жаңажылдық мерекелердің дәстүрлі символына айналды. Астанада "Щелкунчиктің" әлемнің көптеген жетекші театрлары қоятын Василий Виноненнің нұсқасы қойылады. Спектакльді 31 қаңтар күні сағат 17:00-де тамашалауға болады.

2023 жылы қазақстандық "Барыс" хоккей командасы алғашқы ойынын Магнитогор қаласынан келетін командаға қарсы өткізеді. Командалардың соңғы кездесуі қарашада өткен еді. Ол кезде елордалық команда 2-3 есебімен жеңілді. Сондықтан Астанада өтетін ойын өте маңызды. Отандық командаға 3 қаңтарда сағат 17:00-де жанкүйер болуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға