Астанада жаңа тұрғын үй кешендеріне қойылатын талап өзгерді
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында абаттандырылатын аулалар мен қоғамдық кеңістіктер туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Құрылыс салушыларға құрылыс сапасымен бірге қажетті инфрақұрылымның бәрін тиісті түрде жүргізу, аулаларды абаттандыру және аумақты көгалдандыру міндеттерін жүктедік. Осылайша биыл қолданысқа берілетін тұрғын үй кешендерінің аумағын көгалдандыру жоспарын қайта қарадық. Жасыл желектердің санын 2,5 есе арттырдық, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Осылайша, жеке құрылыс салушылар өздерінің ТК аумағында 100 мыңнан астам жасыл желек отырғызады. Алғашқы кезеңде 100-ден астам тұрғын үй кешенін қамтимыз. Сол сияқты аулаларды абаттандыру бойынша да талаптар бар.
Біз өз тарапымыздан қаланы абаттандыру жұмысын ары қарай жалғастырамыз. Биыл абаттандырылған аулалар мен қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) саны 165-тен асады. Мәселен, Қ.Мұңайтпасов, Бейбітшілік бойында жаяу жүргіншілерге арналған променадтар ашылса, «Амман» және «Абылай хан» көпірлерінің астында жаяу жүргіншілер өткелі жасалды. Олар Ақбұлақ өзенінің бойындағы саябақ кластерлерін біріктірді. Орталық жағалаудағы тарихи көшелер жаңарып жатыр, «Журналистер аллеясы», Салтанат қақпасы жанындағы алаң және т.б.
абаттандырылды, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.