Жаңалықтар

Астанада жаңа туған үшемге Қасым, Жомарт және Кемел есімдері берілді

Үшемдер әрқайсысы шамамен 1000 гр салмақпен мерзімінен бұрын дүниеге келген
Астанада жаңа туған үшемге Қасым, Жомарт және Кемел есімдері берілді
Фото: gov.kz 15.11.2022 00:09 1336

Елордада Сәбит пен Маралдың отбасында Қасым, Жомарт және Кемел есімді үшем дүниеге келді, деп хабарлайды El.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үшемнің ата-анасы №2 Көпбейінді қалалық аурухананың дәрігерлеріне алғыс білдіруде.

Жас ана жұбайының жанында медбике болып қызмет істейді. Жұбайы – тіс дәрігері. Олар алғаш рет ата-ана атанып отыр, балаларға есімдерін атасы қойған.

Үшемдер әрқайсысы шамамен 1000 гр салмақпен мерзімінен бұрын дүниеге келген. Олар бөлімше меңгерушісі Ирина Цубенко бастаған дәрігерлер назарында жаңа туған нәрестелер патологиясын күту бөлімінде болды.

«Ота жасаған және жалпы №2 КҚА-ның акушерлік блогына үлкен алғысымды білдіремін. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасап, заманауи жабдықтармен қамтамасыз еткені үшін және мамандардың жоғары кәсібилігі үшін алғысым шексіз. Сіздердің арқаларыңызда бүлдіршіндеріміз толыққанды өмір сүруге және жарқын болашаққа құқылы!» - деді үшемнің анасы Марал Соппек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға