Астана қаласы әкімдігі

Астанада Жамбыл Жабаев ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

29.02.2024 01:09

Елордалық еріктілер мен белсенділер қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың дүниеге келген күніне орай оның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып EL.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүгін қазақ ақыны және жазушысы, көптеген танымал шығарманың авторы Жамбыл Жабаевтың туғанына 178 жыл. Астаналықтар біртуар тұлғаны еске алып, рухына зиярат етті.

Осынау күнге орай белсенділер, еріктілер мен қала тұрғындары ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Сондай-ақ биыл ленинградтықтардың блокададан босатылғанына тура 80 жыл толды. Сол оқиғаға «Ленинградтықтар, менің балаларым» атты аңызға айналған шығарманы Жамбыл Жабаев арнайы жазған болатын.