Жаңалықтар

Астанада жалпықалалық сенбілікке 56 мыңнан астам адам қатысты

Астанада жалпықалалық сенбілікке 56 мыңнан астам адам қатысты
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 16.09.2023 17:22 918

Елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр. Астананың тазалығына 56 мыңнан астам қала тұрғыны шықты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада 16 қыркүйектен 14 қазанға дейін «Жасыл Астана» дәстүрлі экологиялық айлығы өтеді. Осы жұмыс аясында қалалық қызметтерді, еңбек ұжымдарын және белсенді қала тұрғындарын жұмылдыра отырып, бірнеше коммуналдық және жалпықалалық сенбілік өткізіледі.

Бүгін таңертеңнен бері өтіп жатқан жалпықалалық сенбілікке ірі, орта және шағын бизнес өкілдері де қатысты. 200-ден астам компанияның қызметкерлері, қаланың тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар өз ұйымдары мен кеңселерінің жанындағы аумақты тазартты.

14 қазанға дейін жалғасатын сенбіліктерде елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру өткізіледі.

Қала тұрғындары сағат 12:00-ге дейін 110 тоннаға жуық қоқыс шығарды. Сол сияқты 1200-ге жуық жасыл желек отырғызды. Отырғызылған жасыл желектердің арасында қарағаш, үйеңкі, қарағай, бұталар бар.

Ағаштарды жинау және отырғызу учаскелерін нақтылау үшін қала тұрғындары аудан әкімдерінің аппараттарына келесі телефон нөмірлері бойынша жүгінуіне мүмкіндік бар. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға