Астанада жалға берілетін пәтерге ие болғандардың тізімі жарияланды
Мөлдір Қайнар тілші
Елордада сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй иелерінің тізімі шықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Тұрғын үй инспекциясы басқармасының сайтында көпбалалы отбасылар, жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар және халықтың әлеуметтік осал топтары санаттарына жалға берілетін баспана бағдарламасының нәтижесі жарияланған.
Үш санаттың әрқайсысындағы тізімдер екіге бөлінеді: өткен және өтпеген. Бағдарлама бойынша өткен азаматтарға тұрғын үй орталығының қызметкерлері хабарласып, одан әрі қарайғы іс-қимылды түсіндіреді.
Халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттары үшін қалған 76 бір бөлмелі пәтер бойынша іріктеу жалғасып жатыр.
Тізімді мына сілтемеден көруге болады.

