Жаңалықтар

Астанада Өзбек этномәдени орталығы мен Дүниежүзілік өзбек жастары қауымдастығының өкілдері кездесті

Астанада Өзбек этномәдени орталығы мен Дүниежүзілік өзбек жастары қауымдастығының өкілдері кездесті
23.04.2019 00:00 2000

Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясының Өзбек этномәдени орталығы мен  Дүниежүзілік өзбек жастары қауымдастығының өкілдері кездесті.

«Пікір алмасу барысында тараптар өзбек тілін оқыту курстарын ашу, этникалық мектептерге арналған оқу әдістемелік құрал шығару, өзбек этномәдени орталығын кітаппен, ұлттық құралдармен, ұлттық киімдермен қамтамасыз ету және қоғамдық-мәдени шараларды ұйымдастыру мәселелерін талқылады», – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының ҚХА-сы.

Кездесуге қатысушылар осындай отырыстардың маңыздылығын атап өтті. Ал Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Өзбек этномәдени орталығының өкілдері қонақтарға естелік сыйлықтарды тарту етті.

Кездесу соңында тараптар өзбек этносына қолдау көрсетіп, түрлі іс-шараларды бірлесе атқарып жатқаны үшін қазақ еліне, елорда әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясына алғыстарын білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға