Астанада заңсыз темекі айналымына тосқауыл қойылды
06.08.2023 17:25
Фото:
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Елордада сомасы 7 миллион теңгеден асатын заңсыз айналымдағы темекі өнімдерінің партиясы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері елордада рейдтік іс-шараларды өткізу барысында вейп, кальянға арналған және электрондық темекі өнімдеріне сәйкестендіру құралдарынсыз (акциздік маркалар) 5 360 темекі бұйымы анықтады. Жалпы сомасы 7 841 500 теңгені құрады.
Сонымен қатар, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 283-бабымен сәйкестендіру тәсілімен темекі бұйымдарын таңбалау қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып отыр. Нәтижесінде, тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданғаны белгілі болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

