Жаңалықтар

Астанада «Заң шығару процесін жетілдіру» атты дөңгелек үстел өтті

Астанада «Заң шығару процесін жетілдіру» атты дөңгелек үстел өтті
Фото: gov.kz 13.12.2023 02:28 785

Әділет министрлігі  Парламентаризм институты және ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен бірлесіп «Заң шығару процесін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дания Еспаева,  ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова, ҚР Парламенты Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, жетекші ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындардың өкілдері, отандық және шетелдік заңгер-ғалымдар қатысты.

ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев дөңгелек үстелдің ашылу рәсімінде  Әділет министрлігі нормашығармашылық қызметтің үйлестірушісі екенін айтып, нормативтік құқықтық актілердің «заң тазалығына» жауап беретінін мәлімдеді.

Сондықтан біз үшін НҚА жобаларының жоғары сапасын және құқық қолдану практикасында және оны қабылдағанға дейін мәлімделген мақсаттарға қол жеткізуде көрініс табатын заңнаманың тиімділігін қамтамасыз ету мәселесінде «уақыт талабына сай әрекет ету өте маңызды, - екенін айтты.

Дөңгелек үстел қатысушылары заң шығару процесі құралдарын жетілдіру жолындағы өзекті сұрақтарды талқылап, сараптамалық пікірлерімен бөлісті.

Соның ішінде қаралған өзекті мәселелер:  заңнамалық және заңға тәуелді деңгейлердегі құқықтық регламенттің аражігін ажырату; нормашығармашылық қызметті жоспарлау сапасы; халық пен мүдделі топтардың норма шығару процесіне қатысуы; заңнаманың тиімділігі мен заңдардың орындалу критерийлері; халық пен мүдделі топтардың құқықтық мониторингке қатысуы.

Сондай-ақ, нормативтік-құқықтық актілер (НҚА) мәтіндерінің сәйкестігі мәселелері қаралды. Іс-шараға қатысушылар заң тілінің күрделілігіне тоқталып, халыққа құқықтық мәтіндерді жеңілдету және түсінікті ету тәсілі жолындағы өз зерттеулерімен бөлісті. Қазақ заң терминологиясын, оның ішінде дамыту мен стандарттау, сондай-ақ норма шығару үдерісіндегі жасанды интеллекттің рөлін, оның заңнаманы әзірлеуді жақсарту және оңтайландырудағы әлеуетін талқылады.

Пленарлық секцияда сөз сөйлеген ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының директоры, заң ғылымдарының докторы Қанатбек Сафинов норма шығару функциясын мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі және маңызды элементі ретінде қарастырылуы керек екенін атап өтті.

Заңнаманы жетілдіру мақсаты мемлекеттің жалпы құрылымын оңтайландыру болып табылады. Бұл процесті сәтті жүзеге асыру үшін заң шығаруда нәтижеге, тиімділігіне, дәлдігіне баса назар аудару керек. Заң шығару процесі бастамадан бастау алады. Ары қарай заң жобасын әзірлеу, сараптама жасау және оның заң ретінде жүзеге асуына дейін қадағалау кезеңдерін қамтиды. Тәжірибеге сүйенсек, бұл кезеңдердің әрқайсысында ұлттық құқықтық жүйенің дамуы мен өзгеруіне кедергі келтіретін түрлі мәселелер кездеседі. Бұл проблемаларды шешу елдің прогрессивті дамуын қамтамасыз ету және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін өте маңызды рөл атқарады - деді ол.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар заң шығару процесін жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстарды дайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға