Жаңалықтар

Астанада «Якутия қазыналары» көрмесінің ашылуы өтті

Астанада «Якутия қазыналары» көрмесінің ашылуы өтті
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 18.04.2024 17:27 819

Астанадағы Ұлттық музейде Саха Республикасының «Якутия қазыналары» көрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Саха Республикасының Қазақстандағы мәдени күндері 18-23 сәуір аралығында өтеді. Астана мен Алматы қалаларында мәдени іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Астанадағы көрмені тұрғындар мен қонақтар 1 мамырға дейін тамашалай алады.

Астанада «Якутия қазыналары» көрмесінің ашылуы өтті

Сурет: Арман Мұхатов

Астанада «Якутия қазыналары» көрмесінің ашылуы өтті

Сурет: Арман Мұхатов

Қазақ халқы мен якут халқының ұқсастықтары өте көп. Мысалы, екі елде де жылқы қасиетті болып саналады. Одан бөлек дүниетанымдары да өте ұқсас. Қазақстан мен Саха Республикасы арасындағы мәдение күндер шарасы алғаш рет ұйымдастырылып жатыр. Ұлттық музейге де алғаш рет Якутияның мәдени экспонаттарын қойып отырмыз, - деді Ұлттық музейдің халықаралық бөлімінің басшысы Құмар Жүнісов.  

Астанада «Якутия қазыналары» көрмесінің ашылуы өтті

Сурет: Арман Мұхатов

«Якутия қазыналары» көрмесі 4 бөлімнен тұрады.

Саха Республикасының кестеленген картасы. Картада әртүрлі түстермен 5 экономикалық аймақ көрсетілген. Әр экономикалық аймақ өзіндік ерекшеліктерімен бейнеленген: экономикалық дамудың негізгі объектілері, халықтың көпұлтты құрамы, дәстүрлі өмір салты мен жергілікті халықтардың мәдениеті. Картаның авторлары көркем образдар арқылы Якутияның байырғы халықтарының алуан түрлі және ерекше өмірін, олардың рухани және материалдық құндылықтарын бейнелейді.

Астанада «Якутия қазыналары» көрмесінің ашылуы өтті

Сурет: Арман Мұхатов

Астанада «Якутия қазыналары» көрмесінің ашылуы өтті

Сурет: Арман Мұхатов

Астанада «Якутия қазыналары» көрмесінің ашылуы өтті

Сурет: Арман Мұхатов

«Еуразия халықтарының мәдениетіндегі жылқы культі» атты халықтық қолданбалы өнер көрмесі. Якутия – әлемнің солтүстік қиырында орналасқан жылқы өсіру орталығы және табын шаруашылығы бойынша саны бойынша РФ-да 1-ші орында тұр. Жылқының бейнесі, Кюн Дьесегейге табыну(жылқылардың жаратушысы, күн құдайы) маңыздылығы бойынша тек Күн культімен салыстыруға келеді. Осыдан Саха Республикасының қазіргі елтаңбасында шабандоздың бейнеленуі кездейсоқ емес екендігі түсінікті. Ат үстіндегі шабандоз – сәттілік пен өркендеудің символы. Бұл көрмеге қойылатын заттардың тізіміне 129 көрме экспонаты кіреді.

Астанада «Якутия қазыналары» көрмесінің ашылуы өтті

Сурет: Арман Мұхатов

Астанада «Якутия қазыналары» көрмесінің ашылуы өтті

Сурет: Арман Мұхатов

Астанада «Якутия қазыналары» көрмесінің ашылуы өтті

Сурет: Арман Мұхатов

Астанада «Якутия қазыналары» көрмесінің ашылуы өтті

Сурет: Арман Мұхатов

«Якутияның қазына қоры» көрмесі. Көрмеге сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің эксклюзивті, авторлық жұмыстары, Саха Республикасы Қазына қоры жинағының коллекциясынан минералогиялық үлгілер қойылған. Экспозициядағы басты экспонат – «Гауһар тастардың жарқырауы» деп аталатын күміс табаққа 2000 мыңнан астам гауһар тастың шашыранды кендері салынған композиция. Сондай-ақ, келушілердің назарына ұлттық күміс әшекейлер мен әйелдердің мерекелік киімі ұсынылады.

Астанада «Якутия қазыналары» көрмесінің ашылуы өтті

Сурет: Арман Мұхатов

Астанада «Якутия қазыналары» көрмесінің ашылуы өтті

Сурет: Арман Мұхатов

Астанада «Якутия қазыналары» көрмесінің ашылуы өтті

Сурет: Арман Мұхатов

Астанада «Якутия қазыналары» көрмесінің ашылуы өтті

Сурет: Арман Мұхатов

«Якутияның ұсталық өнері» көрмесі. Көрмеде тұрмыстық қажеттіліктер мен аң аулауға арналған дәстүрлі якут пышақтарының алуан түрлерімен қатар мамонт азуы мен асыл тастармен көмкерілген сирек материалдардан жасалған кәдесый өнімдерімен танысуға болады. Көрменің негізгі экспонаты – «батыйа» деп аталатын якут қаруы. Ол ежелгі заманнан бері Якутияда аң аулау мен тұрмыстық қажеттіліктерге қолданылған әмбебап құрал. Сондай-ақ көрмеде якут музыкалық аспаптары – хомустарды (варгандар) көруге болады.

Астанада «Якутия қазыналары» көрмесінің ашылуы өтті

Сурет: Арман Мұхатов

Астанада «Якутия қазыналары» көрмесінің ашылуы өтті

Сурет: Арман Мұхатов

Астанада «Якутия қазыналары» көрмесінің ашылуы өтті

Сурет: Арман Мұхатов

Астанада «Якутия қазыналары» көрмесінің ашылуы өтті

Сурет: Арман Мұхатов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға