Жаңалықтар

Астанадағы селфи жасауға таптырмайтын нысан

Астана күні мерекесіне аз уақыт қалды. Осыған байланысты әлеуметтік желілерде #iloveAstana хэштегімен сурет салып жатқандарың қатары өртеңге шыққан шөптей қаптай бастады.
11.06.2015 05:49 10840

Астана күні мерекесіне аз уақыт қалды. Осыған байланысты әлеуметтік желілерде #ILoveAstana хэштегімен сурет салып жатқандарың қатары өртеңге шыққан шөптей қаптай бастады. Оның себебі неде?

Астанадағы селфи жасауға таптырмайтын нысан

Бұл хэштег бойынша сурет жариялаушылар интернет желісінің қазақстандық сегментінде көрініс тапты. Өйткені, Астана қаласында, Хан Шатыр ойын сауық орталығына қарсы бетте "I love Astana" деген архитектуралық нысан пайда болды. 

Астанадағы селфи жасауға таптырмайтын нысан

Бұл нысан 5 маусым қойылды. Содан бері астаналықтар үшін селфи жасауға ыңғайлы орынға айналды.

Астанадағы селфи жасауға таптырмайтын нысан

Бұл Астана қалалық әкімшілігінің бастамасымен жасалған нысан. Әзірге жастардың көңілінен шығып отыр. Күндіз-түні кезекке тұрып селфи жасап жатқандардың, жоғарыда келтірген хэштег бойынша әлеуметтік желілерге салып жатқандардың саны өте көп.

Астанадағы селфи жасауға таптырмайтын нысан

"I love Astana" нысанының биіктігі 2,5 метр, ұзындығы 14 метр болады. Егер бұл нысан көпшіліктің көңілінен шығып жатса, болашақта қала беруі де әбден мүмкін.

Астанадағы селфи жасауға таптырмайтын нысан

Көпшіліктің айтуынша аталмыш нысан кеш батқанда неон түске айналады екен. Бұл фотоның өте әсерлі әрі тартымды шығуына мүмкіндік береді.


Әзірлеген: Досжан Мейірім.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға