Жаңалықтар

Астанадағы шетелдіктер: Қазақ тілі сондай сұлу тіл. Әуен сияқты

Астанадағы шетелдіктер: Қазақ тілі сондай сұлу тіл. Әуен сияқты
19.10.2018 12:10 1787

Қызмет бабына қарай Қазақстанға шетелден келген қонақтармен сұхбаттасудың сәті жиі түседі.

Кейде олардың қазақ аудиториясына, қазақ тілді ортаға түскенде қысылып қалатынын көріп, өзіміздің басқа тілдерді білмейтін адамдардың шет елге барғанда осындай  күй кешетінін түсінемін. Сондықтан да, елімізде жүргізіліп жатқан үш тілді білу бағдарламасы – жастардың еркін, бәсекеге қабілетті болуына жол ашатынына сенемін.

Қазақ жастарына шет тілін, әсіресе, Елбасымыз айтқандай, ағылшын тілін білудің бір артықшылығы – кез келген елде еркін жүре аласың. Өйткені, қазір ағылшын тілі әлемнің түкпір-түкпіріне жетті.

Сондай-ақ, шет тілін білу – өз елімізге келген шетелдік қонақтармен еркін сұқбаттасу мүмкіндігін береді. Ал, оларға жол көрсетіп, кеңес беріп, көмектесе алу – қонақтардың алдында қазақ жастарын жақсы қырынан көрсететін мүмкіндіктердің бірі. Реті келгенде, шетелдіктермен сөйлесіп тұру – тіліңді дамытатын жақсы жаттығу.

Астана қаласының көші-қон қызметі алпыс мыңнан астам шетелдіктің елордада тіркелгені туралы хабарлағанда, олар біздің елде тұрғысы келсе, Қазақстанды, жалпы бізді ұнатқаны ғой деп ойладым. Біз осында жүріп байқамаған артықшылықтарды шетелдіктер байқаған болар. Олар біздің елге, Астанаға не мақсатпен келген екен? Неге екенін білмеймін, олардың пікірлерін білгім келді.

Шет елде оқып жүргенде байқағаным, жалпы, шетелдіктер тез жиналып, тез жолға шығып кетуге бейім болады екен. Олар жаңаны білуге, көруге құмар. Жастар ғана емес, жасы үлкен кісілер де әлемді тануға ұмтылады. Ағылшын тілін білетінім олардың айтқандарын аудармасыз түсінуге, ішкі толғаныстарын сезінуге көмектеседі.

Теледидарда Хелен есімді әйел сұхбат беріп тұрды. Астанада білім саласында қызмет етуге келіпті. Өзі Нидерландыда тұрады екен. Әуелі қыста аяздың отыз градусқа дейін жететінін естісе де, онша мән бермегенін, бірақ тап мұндай аязды көрмегенін айтып күледі.

Әсіресе, оған біздің аспанымыз ұнапты. «Бұл жердің аспаны сондай биік әрі шетсіз-шексіз. Менің алғашқы байқағаным сол болды. Бізде, Нидерландыда, аспанды ұдайы бұлт торлап тұрады. Ал сіздерде аспан  көкпеңбек екен» дейді ол.

Ал біз оны байқай бермейміз.

Бір мезгіл аспанға қарап тұру керек екен. Арманың биіктей түседі.

Толығырақ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға