Жаңалықтар

Астанада XIX республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестивалі өтті

Астанада XIX республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестивалі өтті
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 02.06.2024 17:12 331

Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында «Жұлдызай» XIX республикалық  шығармашылық фестивалі өтті. Байқауға еліміздің әр өңірінен 6 мыңнан астам бала қатысты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Қатысушылар арасында 250 бала вокал, хореография, аспаптық орындау және ым-ишарамен ән орындау номинациялары бойынша лауреат атанды.

Фестивальдің ашылуына қатысқан Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан қатысып, бұл байқаудың еліміздің түкпір-түкпіріндегі таланатты балаларды біріктіретін маңызды шара екенін атап өтті.

«Жұлдызай» XIX республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің қатысушыларын құрметпен қарсы алуға рұқсат етіңіздер. Осы жылдар ішінде фестиваль ел аумағында қанат жайып, республикалық деңгейге дейін өсті. Ол еліміздің өңірлеріндегі талантты, дарынды балалардың басын қосты. Әсіресе, балаларымыздың шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлес қосып жүрген «BI Juldyzai» корпоративті қорына ерекше алғысымды білдіремін, - деді вице-министр.

Фестиваль концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерттің қонағы ретінде қазақстандық өнер иелері Жұбаныш Жексен, Балжан Бидаш, Рухия Байдукенова, Расул Жармағамбетов, Назым Сағынтай және Қайрат Мырзахан өнер көрсетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға