Жаңалықтар

Астанада «Войцек» қойылымы алғаш рет сахналанды

Астанада «Войцек» қойылымы алғаш рет сахналанды
Фото: El.kz/Ажар Лаубаева 07.06.2024 21:30 1959

Елордада «QALLEKI театр лабораториясы» көрерменге «Войцек»  спектакльнің премьерасын ұсынды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қойылымның жанры – драма. Авторы – Георг Бюхнер. Қазақ тіліне аударған – Ләззат Қайратқызы, ал қоюшы суретшісі – Шынар Елембаева. 

Астанада «Войцек» қойылымы алғаш рет сахналанды

Астанада «Войцек» қойылымы алғаш рет сахналанды

Суреттер: Ажар Лаубаева

Аталмыш туындының қоюшы режиссері Ұлан Қабыл спектакльдің негізгі айтар ойымен бөлісті. Оның сөзінше, қойылымның басты идеясы кедейлікке негізделген.

«Кедей адамның қарны аш болса, оның ойы қайдан ашық болсын?!» деген бір жақсы сөз бар. Өлім, сатқындық барлығы дерлік кедейліктен туады. Сондықтан бұл әлемде кедейлер азайса екен деп армандаймын, – деді ол.

Осы ретте Ұлан Қабыл неліктен дәл «Войцек» шығармасын сахналауға шешім қабылдағаны жайлы да айта кетті.

Астанада «Войцек» қойылымы алғаш рет сахналанды

Сурет: Ажар Лаубаева 

Таңдауым «Войцекке» жайдан-жай түсті деп айта алмаймын. Себебі шығарманы біз емес, ол бізді таңдайтын кездер болады. Студенттік шақта неміс философиясына қызығатын едім. Кейіпкердің жай-күйі өмірімнің белгілі бір кезеңіне ұқсайды, – дейді ол.

Сондай-ақ режиссер актерларды таңдау кезінде не нәрсеге басты назар аудару керек екенін атап өтті.

Актерларды таңдамас бұрын ең алдымен оларды танып алу керек. Психологиясы мен не нәрсеге қабілеті бар екенін білген жөн. Қойылымда ойнайтын әр әртісті танимын, білемін. Актерлар өз рөлдеріне сай деп шештім және қабылдаған шешімімнен қателеспеген сияқтымын, – дейді Ұлан Болатбергенұлы.

Астанада «Войцек» қойылымы алғаш рет сахналанды

Астанада «Войцек» қойылымы алғаш рет сахналанды

Астанада «Войцек» қойылымы алғаш рет сахналанды

Астанада «Войцек» қойылымы алғаш рет сахналанды

Суреттер: Ажар Лаубаева

Қойылымда бас кейіпкерді, яғни Войцекті сомдаған жас актер Ақжол Мамыр өзінің рөлімен таныстырды.

Астанада «Войцек» қойылымы алғаш рет сахналанды

Сурет: Ажар Лаубаева

Бұл қойылымға 3 ай бойы дайындалдық. Режиссер осы рөлді бергеннен бастап кейіпкердің өмірін, мінезін, тіпті ата-анасын зерттедім. Дайындық барысында Войцектің жанына батқан ауыртпашылықпен таныстым. Бастапқыда эмоциямды шығару қиын болды. Кейде әсірелеп жіберемін бе деп те қорықтым. Кейіпкерімді ойдағыдай алып шығу үшін бар күшімді салдым деп ойлаймын. Бағасын көрермен өзі бере жатар, – дейді жас актер.

Сонымен қатар қойылымда жас актриса Аяужан Малғаждарова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрам Қайсанов, Мәдениет саласының үздіктері Жәнібек Мұсаев, Дастан Әлімов, жас актер Марғұлан Наменов те өнер көрсетті.

Спектакльде А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, Омар Хаям мен М.Жұмабаевтың өлеңдері оқылды.

Қарақат Сұлтанмахмұтқызы,

ЕҰУ-дың 2-курс студенті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға