Жаңалықтар

Астанада «Үй жанындағы дәрігер» нысаны ашылады

Күзде жедел медициналық жәрдем стансасына тағы 55 арнайы машина берілген
Астанада «Үй жанындағы дәрігер» нысаны ашылады
Фото: Алтай Көлгіновтің инстаграм парақшасынан алынды 08.11.2022 23:31 1426

Елорда әкімі Астанадағы медициналық мекемелердегі медкөмектің сапасын арттыру мен медорталықтарды жабдықтау жалғасатынын айтты, деп хабарлайды El.kz Алтай Көлгіновтің Instagram парақшасына сілтеме жасап. 
Осыған дейінгі кездесуде медицина қызметкерлерімен әрі тұрғындарымызбен атқарылуы тиіс жұмыс жоспары жасалған. Олардың басым бөлігін орындадық. Бүгінгі кездесуде де көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды. Мәселен медицина қызметкерлері меднысандарды салу және жөндеу, кадрларды даярлау, объектілерді толық жарақтандыру, «Қауіпсіз аула» жобасын одан әрі енгізу мәселелері қозғалды, - деп жазды мегаполис басшысы. 
Соның ішінде денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту басты назарға алынған.
Елорданың ауқымды жобаларының бірі ТЖ ауруханасының (№3 көпсалалы қалалық аурухана) «Ramada Plaza» ғимаратына көшуі болып саналады. Ескі ТЖ ауруханасының аумағына жаңа перинаталдық орталық салынады, өйткені бұл шағын ауданда осы мәселе (Сарыарқа ауданы) өте өзекті болып тұр. Бұдан бөлек Алматы ауданында – №1 көпсалалы қалалық ауруханасының жанында тағы бір перинаталдық орталық салынады. Бірқатар медициналық мекемеге жөндеу жүргізілді, сол сияқты «Жағалау-3» және «Нұрлы жол» вокзалы ауданында амбулаториялық-емханалық кешендерінің, Көктал-1, Пригородный, Телман және т.б. елді мекендерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтарының құрылысын жоспарладық. Қадамдық қолжетімділік аясында соңғы 3 жылда 40 «Үй жанындағы дәрігер» нысаны (оның 7-еуі елді мекендерде орналасқан) ашылды. Жыл соңына дейін тағы 10 нысан ашуды жоспарлап отырмыз. Оған да жеке инвестицияларды тартамыз, - деді қала әкімі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға