Астана әкімдігі

Астанада үш жаңа қоғамдық көлік бағдары іске қосылады

Астанада 29 қарашадан бастап қоғамдық көліктің желісіне үш жаңа маршрут қосылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бағдарлар бағыттары:
• № 65 бағдар – Болашақ көшесі – «Отау» шағын ауданы;
• № 68 бағдар – «Газмашаппарат» АҚ – «Бағыстан» тұрғын үй кешені;
• № 78 бағдар – Ұлттық шұғыл медициналық үйлестіру орталығы – № 64 мектеп-лицейі қатынасымен жүреді.

Жаңа бағдарлар елорданың бірқатар маңызды нысаны арқылы жүреді.
 
Мысалы, №65 бағдар жаңадан ашылған С.Шаймерденов көшесімен қатынайды, №68 бағыты «Бағыстан»ТК қаланың оң жағалауымен байланыстырып, К.Әзірбаев және М.Жұмабаев көшелерін қоғамдық көлікпен қамтамасыз етеді.

Жаңа бағыттардың жұмысы жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға және қоғамдық көлікпен қамтуды жақсартуға бағытталған.