ҚР ТЖМ

Астанада үш қабатты ғимарат өртеніп жатыр

22.07.2025 22:03

Елорданың Алматы ауданындағы Асқар Тоқпанов көшесіде орналасқан үш қабатты ғимараттың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды.

Өртті сөндіруге су үздіксіз беріліп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. Өртті сөндіруге бірнеше су оқпандары берілді. Өртті оқшаулау үшін барлық шаралар қабылданып жатыр, - делінген мәліметте.

ТЖМ қызметкерлері жоғары дәрежемен жұмыс істеуде.