Жаңалықтар

Астанада ұрлықты қонақ үйде жасайтын жас азамат ұсталды

Астанада ұрлықты қонақ үйде жасайтын жас азамат ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов 08.07.2023 21:50 997

Астаналық полицейлер қонақ үйде болған бірнеше ұрлықтың бетін ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу барысында "Алматы" ауданының қызметкерлері қонақ үй ұрысын ұстады. Белгілі болғандай 20 жастағы Қарағанды тұрғыны қонақ үйлерде жасалған екі ұрлыққа қатысы бар болып шықты.
 
Тергеу барысында белгілі болғандай, жас жігіт күндізгі уақытта қонақ үйге кіріп, жан-жағына байқатпай шатырға көтерілген. Жұмыс күнінің аяқталуын күткен қаскүнем, қызметкерлер кетіп бара жатқанда мейрамханадан 3 ұялы телефон, 3 рация, құлаққап, Power bank-ті қолды еткен. Ол өзінің осы іс-әрекетімен 430 мың теңгеден астам сомаға материалдық шығын келтірді. Араға бір-екі күн салған жас жігіт, көршілес қонақ үйдің қабылдауынан "Vivo" ұялы телефонын іліп кеткен, - деді ПД өкілі.

Астана қаласының Полиция департаменті шағын және орта бизнес иелеріне қырағы болуды, объектілерде ұрлықтан қорғаудың қосымша шараларын енгізуді ұсынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға