Астанада ұрлықты кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды
14.12.2024 15:30
Фото:
Видеодан кадр
Астанада полицейлер электр сымдарын ұрлаумен айналысқан төрт адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күдіктілер жерасты құдықтарына кәріз люктері арқылы кіріп, түнгі уақытта ұрлық жасаған. Өткізу орнын тінту барысында жеті қап тазартылған мыс кабельдері және үш радиостанция табылды. Сондай-ақ, сатып алушыдан электронды және механикалық таразылар тәркіленді.
Топ мүшелерінің ұрлықтың бес фактісіне, оның ішінде трансформаторлық қосалқы станциядан мыс шиналарын ұрлауға қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде,-деді Астана қалалық ПД КПБ бастығы Дастан Қалиев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

