Жаңалықтар

Астанада Ұлттық ұлан сарбазы суға батқан жасөспірімді өлімнен құтқарды

Астанада Ұлттық ұлан сарбазы суға батқан жасөспірімді өлімнен құтқарды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі 23.07.2023 10:53 1123

Ұлттық ұлан сарбазы суға батып бара жатқан спортшыны құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елордадағы студенттік саябақта қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген Ұлттық ұланға қарасты 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы суға тұншығып, көмекке шақырған баланы өлімнен аман алып қалды. 
 
Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Әлібек Ноғаев бұл туралы радиостанция көмегімен патрульдік топтың бастығына хабар беріп, кейін өзі киімін шешіп, суға секірген көрінеді.
 
Белгілі болғандай, 12 жастағы бала ескек есу бойынша жаттығу кезінде жел екпінінен каноэсі аударылып, суға бата бастаған. Жауынгердің батыл және жылдам әрекеті оны ажалдан аман алып қалды. Әскери жасақтың барлық құрамы елордалық жедел бригада командирінің алғысына бөленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға