Жаңалықтар

Астанада ұлттық спорт түрлерінен робототехника сайысы өтті

Астанада ұлттық спорт түрлерінен робототехника сайысы өтті
Фото: El.kz/Миражан Махан 11.05.2024 14:06 516

Астанада Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde - 2024» I республикалық робототехника фестивалі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фестивалдің мақсаты, өмірден ерте озған дарынды оқушы, физика, робототехника салалары бойынша республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардың бірнеше дүркін жеңімпазы, жас ақын Әлихан Мақсұттың ғибратты ғұмырын мектеп оқушыларына үлгі ете отырып, елімізге қажетті болашақ техник мамандарды дайындауға қолдау көрсету, оқушылардың жасаған инновациялық жобаларын, өнертабыстарын кеңінен насихаттау. 

Фестивалдің ашылу салтанатында Серікзат Дүйсенғазының марқұм ұлы Әлихан Мақсұттың өмірбаяны жайлы бейнеролик көрсетілді. 

Астанада ұлттық спорт түрлерінен робототехника сайысы өтті

Сурет: Миражан Махан

Фестивалге еліміздің 15 аймағынан 200-ден астам оқушы қатысты. Салтанатты шарадан соң арнайы көрмеде әр өңірден келген оқушылар робототехника бойынша жасаған құрылғыларымен, өнертабыстарымен таныстырды. 

Робототехника барлық дамыған елде қажет сала. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектке, цифрландыру саласына байланысты әр жиында, әр жолдауда айтып келеді. Өйткені еліміздің болашағы осыған байланып тұр. Бұл саланы дамытпайтын болсақ, онда дамыған елдердің қатарына қосыла алмаймыз. Сондықтан жастарды осы салада тәрбиелеуіміз керек. Осы мақсатта өз ұлымды тәрбиеледім. Бірақ баламның ғұмыры ұзақ болмады. Әлиханның арманын әрі қарай орындау мақсатында басқа балаларды осы бағытта тәрбиелеуге күш салып жатырмын. Оқушылардың жасаған киіз үйін, қымыз дайындау инновациясын Ұлттық спорт қауымдастығы мен “Жастар рухы” жастар қанатының  және басқа да салалардың мамандары келіп тамашалады. Біз өзіміздің балаларымыз жасаған жобаны іске асыруымыз керек,- деді Серікзат Дүйсенғазы. 

Астанада ұлттық спорт түрлерінен робототехника сайысы өтті

Сурет: Миражан Махан

Фестивалден кейін оқушылар жасаған роботтардың арқан тартыс сайысы өтті. Бұл жерде роботтардың жылдамдығы мен мықтылығы тексерілді. 

Оқушылар фестивалге екі бағыт бойынша қатысып жатыр. Біріншісі - “Мәдени-мұра және иннвация” тақырыбындағы робо-жобалар. Онда оқушылардың шығармашылығы, өнертабыстары көрсетілді. Мақсатымыз құңдылықтарымызды инновация жасау. Екіншісі - робо-спорт, яғни роботтар арасындағы жарыс. Мұнда біз ұлттық спорт түрлерін енгіздік. Атап айтқанда, асық ату, мерген, жамбату, ақсүйек, арқан тартыс. Болашақта теңге ілу, көкпар, тоғыз құмалақты енгізуді жоспарлап отырмыз. RoboZerde-нің негізгі бағыты ұлттық дүниелерді жасай отырып, Қазақстанды әлемге таныту, - деді Серікзат Дүйсенғазы. 

Астанада ұлттық спорт түрлерінен робототехника сайысы өтті

Сурет: Миражан Махан

Жарыс жеңімпаздарына 2 млн теңгеден астам жүлде қоры қарастырылған.

Астанада ұлттық спорт түрлерінен робототехника сайысы өтті

Астанада ұлттық спорт түрлерінен робототехника сайысы өтті

Суреттер: Миражан Махан

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға