Жаңалықтар

Астанада Ұлттық құрылтайдың IV отырысын талқылауға арналған кездесу өтті

Астанада Ұлттық құрылтайдың IV отырысын талқылауға арналған кездесу өтті
Фото: ©El.kz/Ажар Лаубаева 31.03.2025 16:06 447

Елордада «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Ұлттық құрылтай. Елеулі кезең» атты Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысын талқылауға арналған кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған кездесуде Ұлттық құрылтай отырыстарына шолу жасалып, Бурабайда өткен IV отырыста көтерілген мәселелер талқыланды. Іс-шараға сарапшылар, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ҚХА кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар қатысты.

Кездесу Қазақстандық қоғамдық даму институты Қоғамдық үрдістерді зерттеу орталығының басшысы Риззат Тасымның модераторлығымен өтті.

Астанада Ұлттық құрылтайдың IV отырысын талқылауға арналған кездесу өтті

Сурет: Ажар Лаубаева

Риззат Тасымның сөзінше, «Қазақстан қоғамдық даму институты» КеАҚ 2023 жылдан бері Ұлттық құрылтай аясында зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Мәселен, 2023 жылы 5 талдау баяндамасы, 2024 жылы үш талдау баяндамасы дайындалған. Ұлттық құндылықтар, креативті экономика, саяси реформалардың аясындағы барлық мәселе зерттелді.

Ұлттық кеңестің жұмысын жалғаушы Ұлттық құрылтай қазақстандық биліктің маңызды шешімдер қабылдау процесінде қоғамдық пікірді ескеруге талпынысын байқатты. Орган ел үшін ең өзекті және маңызды сұрақтар жан-жақты талқыланатын алаңға айналып, мүдделі тараптардың мемлекеттік саясатты қалыптастыру ісіне қатысуын қамтамасыз етті. Ұлттық құрылтай қызметінің ерекшелігі - оның консультативтік-кеңесші сипаты және әлеуметтік-саяси даму мәселелері бойынша консенсусқа қол жеткізуге бағдарлануы. Құрылтай құрамын қалыптастыру түрлі қоғамдық топтың пікірін ескеру арқылы іске асады және әркелкі көзқарас пен тәсілдерді ұлттық күн тәртібін талқылау процесінде біріктіруге мүмкіндік береді, – деді Риззат Тасым.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Наталья Калашникова Ұлттық құрылтайдың IV отырысындағы негізгі басымдықтарға тоқталды.

Қоғамдық үрдістерді зерттеу орталығының сарапшы-менеджерлері Олжас Төремұратов пен Индира Кунтуова Ұлттық құрылтай аясында жарық көрген талдау баяндамаларын таныстырып, сарапшылармен жұмыстың қыр-сырымен бөлісті.

Саясаттанушы, «Контртеррористік комитет» РҚБ төрағасының орынбасары, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының докторанты Ассоль Мирманова мемлекет басшысының Бурабайдағы сөзіне қатысты сарапшы-академиялық қауым тарапынан пікір білдірді.

Талқылау барысында басқа да қатысушылар Ұлттық құрылтайға қатысты туындаған сұрақтарына жауап алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға