Астанада «Ұлттық анимациялық фильмдер апталығы» өтеді
18.10.2025 10:07
Фото:
pixabay.com
20–24 қазан аралығында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі барша көрермендерді «Ұлттық анимациялық фильмдер апталығына» шақырады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Апталық барысында көрермендерге отандық анимация өнерінің үздік туындылары ұсынылады. Бағдарламада цифрландырылған классикалық мультфильмдермен қатар, жаңа заманауи жобалар да бар. Бұл іс-шара – ұлттық режиссерлердің еңбегімен және қазіргі қазақ анимациясының даму бағыттарымен танысудың тамаша мүмкіндігі.
Көрсетілім уақыты: 20–24 қазан
Өтетін орны: Астана қаласы, «Қазақстан» Орталық концерт залы (Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1)
Басталуы: 16:00
Кіру тегін.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

