2027 жылы Астанада УЕФА-ның 51-ші Конгресі өтеді.
Брюссельде УЕФА-ның мерейтойлық 50-ші Конгресі өтті. Бельгия астанасында өткен Конгреске Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория қатысқан. Осы жиында кезекті Конгресс Қазақстанда өтетіні хабарланды.
УЕФА Конгресі – Еуропа футболының ең жоғары басқару органы. Жыл сайын 55 ұлттық ассоциацияның өкілдері бас қосады. Конгресте Еуропада футболдың стратегиялық дамуын айқындайтын негізгі шешім қабылданады. Қаржылық және ұйымдастыру мәселелері бекітіледі. Халықаралық жарыстарды өткізу мәселесі қарастырылады. Сондай-ақ УЕФА-ның басқарушы органдары сайланады.
51-ші Конгресте не өзгереді?
Айта кетейік, 51-ші Конгресс сайлау сипатында болады. Жиын барысында УЕФА президенті мен ұйымның Атқарушы комитетінің мүшелері сайланады. Осылайша, Қазақстанда Еуропа футболының алдағы жылдардағы даму бағытын айқындайтын маңызды шешім қабылданады.
Маңызы:
- Қазақстанның еуропалық футбол қауымдастығындағы беделін нығайтады;
- спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді.
Конгрессті өткізу құқығы УЕФА-ға мүше мемлекеттеріне беріледі. Бұл сол елдің футболды дамытуға қосқан үлесі мен сенімін көрсетеді. 51-ші Конгрестің Қазақстанда өткізілуі – елімізде ұйымдастырылған ең ірі халықаралық футбол шарасының бірі. және спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді.
«УЕФА Конгресін Қазақстанда өткізу отандық футбол үшін маңызды оқиға. Еуропалық футбол қауымдастығы тарапынан сенімнің жоғары екенін растайды. Конгресті ұйымдастыру және өткізу шығынын толығымен УЕФА қаржыландырады. Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің қаражаты қолданылмайды», – деп жазылған ҚФФ хабарламасында.

