Жаңалықтар

Астанада ТЖД азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

Астанада ТЖД азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 06.11.2024 17:25 100

Астана қаласы ТЖД ауа райының қолайсыздығына байланысты жазатайым оқиға болмас үшін елорда тұрғындары мен қала қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 6-7 қараша күндері қатты жел соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с болады деп болжанып отыр.

Осыған байланысты Астана қаласы ТЖД қатты жел кезінде жарақат алмау үшін азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

- Ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);
- балаларды ерекше бақылауға алыңыз және оларды қараусыз қалдырмау маңызды;
- Егер қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберісті немесе дүкенді паналаңыз;
- үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;
- қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың астында, ағаштарда, құрылысы аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды;
- қатты жел кезінде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;
- жеке автокөлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.

Төтенше жағдайлар кезінде 101 және 112 нөміріне хабарласу қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға