Жаңалықтар

Астанада тұтынушылар құқығын бұзған кәсіпкерлер жазаланды

Астанада тұтынушылар құқығын бұзған кәсіпкерлер жазаланды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 26.09.2024 13:34 357

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында департамент ӘҚБтК-тің 190 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 193-баптарында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Нұрғали Егембердиев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, сауда саласы бойынша қырағы сатып алушылардың өтініші негізінде 14 кәсіпкер Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ӘҚБтК-нің 193-бабының 4-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында бағалар жапсырмасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған тауарды бағасын теңгемен көрсетпей өткізу не Қазақстан Республикасының аумағында құны бағалар жапсырмасымен ресімделген бағадан асатын, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған тауарды өткізу не Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт талаптары бойынша тауарды өткізген кезде оның бағасын теңгемен көрсетпеу – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Осылайша, айыппұлдың жалпы сомасы 343 400 теңгені құрады, – дейді ол.

Айтуынша, осы бап бойынша әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 65, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 120, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Ведомство басшысының айтуынша, сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сауда базарының жұмыс регламенті бекітілген, онда:

- сауда базарының жұмыс режимі және ішкі сауда субъектілерінің, сатып алушылар мен сауда базары әкімшілігінің қызметкерлерінің сауда базарына қол жеткізу тәртібі туралы мәліметтер;

- сауда базары ұсынатын қосымша қызметтер тізбесі;

- Ішкі сауда субъектілеріне сауда орындарын беру тәртібін, олардың сипаттамаларын, мүліктік жалдау шартының талаптары көрсетіледі.

Сауда базарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін сауда базарының әкімшісі бекіткен сауда базарының регламентінің болмауы үшін ҚР ӘҚБтК-нің 204-2-бабы бойынша 7 сауда базары «Ескерту» түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы бап бойынша әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда – 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, – деді департамент басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға